Добро пожаловать на Info Orda - Информационную Орду, где ты можешь быть в курсе самых главных событий в Украине и во всем мире! Мы предлагаем тебе уникальное описание сайта, которое захочется перечитывать снова и снова.

Get in Touch

Ұлттық банк төрағасы теңге бағамына қатысты пікір білдірді

Ұлттық банк төрағасы теңге бағамына қатысты пікір білдірді

Доллар бағамының өсу себебін LS-ке Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов түсіндірді.

"$1 үшін 520 теңге – бұл, әрине, елеулі. Алайда, шын мәнінде, оның қандай деңгейден көтерілгеніне қарау керек . Соңғы күндері курс 515–517 теңге шамасында жабылып жүрді. Абсолюттік көрсеткішпен және пайыздық қатынаста бұл аса үлкен өсім емес. Негізгі фактор – демалыс маусымының басталуы. Өздеріңіз білесіздер, жаз – халық тарапынан валютаға сұраныс артатын кезең", – деді ол.

Оның айтуынша, бағамға әсер еткен тағы бір себеп – бюджет пен квазимемлекеттік бағдарламалардың іске асырыла бастауы.

"Бұл рәсімдер мен мемлекеттік сатып алулар аясында бюджеттен бөлінген қаражат маусым айында тікелей жұмсайтын мекемелерге түседі. Соның нәтижесінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезеңі қарқын ала бастайды. Көптеген жобалар шетелден жабдықтар мен қосалқы бөлшектер әкелуге тәуелді болғандықтан, валюта нарығындағы сауда көлемі артып отыр", – деп түсіндірді Т. Сүлейменов.

Спикердің айтуынша, бұған сыртқы факторлар да әсер етуде және оларды болжау қиын.

"Соның бірі – Иран мен Израиль арасындағы әскери шиеленіс пен Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалына төнген қауіп салдарынан мұнай бағасының қымбаттауы. Қазіргі таңда Brent маркалы мұнайдың бір баррелі шамамен $77 тұрады. Бұл жағдайдың қанша уақытқа созылатыны белгісіз, дегенмен дәл қазіргі уақытта бұл Қазақстан үшін оң әсер ететін фактор, себебі еліміз мұнай экспорттайды", – деді Ұлттық банк басшысы.

Сондай-ақ, ол теңге бағамының одан әрі әлсіреуіне негіз болатын айтарлықтай себептер көріп тұрмағанын атап өтті.

Бұған дейін, теңге долларға және еуроға қатысты едәуір әлсірегені хабарланған болатын.

Сонымен қатар LS редакциясы жазда ұлттық валюта $1 үшін 530 теңгеге дейін әлсіреуі мүмкін екенін жазды.

Стиль жизни

Новости

Теги