Добро пожаловать на Info Orda - Информационную Орду, где ты можешь быть в курсе самых главных событий в России и во всем мире! Мы предлагаем тебе уникальное описание сайта, которое захочется перечитывать снова и снова.

Get in Touch

ҰБТ-да талапкердің құқығы шектелсе, қайда шағымдана алады? ҰТО жауабы

ҰБТ-да талапкердің құқығы шектелсе, қайда шағымдана алады? ҰТО жауабы

Бейнебақылау жазбалары алты ай бойы талданады.


Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ кезінде өз құқығын шектелді деп есептеген талапкерлер орталықтың комплаенс қызметіне шағымдана алатынын хабарлады.

Байланыс нөмірі: +7 (7172) 57 59 51.

Ұлттық тестілеу орталығының комплаенс офицері Ғалымжан Мұхамедьяровтың айтуынша, тестілеу пунктілерінде бақылаудың бірнеше деңгейі қарастырылған. Емтиханның таза өту үшін келесі шаралар қолға алынды: кіреберісте металл іздегіштер және жеке тұлғаны тану жүйесі жұмыс істейді. Бұл бөтен адамдардың кіруіне және тыйым салынған заттарды алып кіруіне жол бермейді. Аудиторияда үздіксіз бейнебақылау жүйесі жұмыс істейді. Барлық процесс бір мезетте Ахуалдық орталық арқылы қадағаланады.

ҰТО дерегінше, ҰБТ басталғалы бері 283 заң бұзушылық тіркелді. 168 адам кіреберісте бақылаудан соң тестілеуге жіберілген жоқ. Тағы 115 талапкер тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылған.

Бейнебақылау жазбалары алты ай бойы талданады.

"Біз тек талапкерлерді ғана емес, орталық қызметкерлерін де тексереміз. Заңсыз көмек көрсеткен немесе ереже бұзған қызметкерлер қатаң жазаланады. Қажет жағдайда материалдар құқық қорғау органдарына жолданады", – деп ескертті Ғалымжан Мұхамедьяров.


Оқи отырыңыз:

  • ҰТО "көпбалалы отбасы" квотасымен жоғары оқу орнына қалай түсуге болатынын түсіндірді
  • Білімді бағалаудың жаңа форматы: Қазақстанда ҰБТ-ға балама тест әзірленіп жатыр Білімді бағалаудың жаңа форматы: Қазақстанда ҰБТ-ға балама тест әзірленіп жатыр

Стиль жизни

Новости

Теги