Бірқатар аймақтарда ауа-райы жылынады.
Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде Атлантикалық циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, көктайғақ пен тұман күтіледі. 1 қарашада республиканың батысында жаңбыр жауады , елдің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жел күшейеді деп күтіледі.
"Ауа температурасының жоғарылауы болжанған: күндіз елдің батысында +12+17 градусқа дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте +7+15 градусқа дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта +4+9 градусқа дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +12+17 градусқа дейін, ал таулы аудандарда +3 + 8 градус", — делінген хабарламада.
Сурет: pixabay.com