Добро пожаловать на Info Orda - Информационную Орду, где ты можешь быть в курсе самых главных событий в Украине и во всем мире! Мы предлагаем тебе уникальное описание сайта, которое захочется перечитывать снова и снова.

Get in Touch

Қазақстанда кеме жасау зауыты пайда болады


Қазақстанда кеме жасау зауытын салу үшін инвесторлар анықталды. Бұл туралы LS-ке өнеркәсіп министрлігінде хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, Каспий теңізінің қазақстандық секторында кеме жасау* жобасы YDA және ASFAT түрік компанияларымен бірлесіп пысықталуда.

"Жобаны іске асыруға қаржыны түрік серіктестері құймақ", — деп нақтылады министрлікте.

Қазіргі уақытта қазақстандық тарап кеме жасау верфінің орналасқан жерін қолданыстағы көлік тораптары мен логистикаға байланыстыруды ескере отырып анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.

Серіктестік елдің аз тонналы және ірі кемелерді шығару және жөндеу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет. Сондай-ақ, ынтымақтастық қолданыстағы өндірістік қуаттарды жаңғыртуға және Каспийде заманауи теңіз инфрақұрылымын құруға бағытталатын болады, деп атап өтті министрлікте.

Кеме жасау зауытының құрылысын бастау мерзімдері келіссөздер мен тиісті келісімдер жасасу нәтижелері бойынша айқындалатын болады.

Бұған дейін LS редакциясы бұл өндірісті Каспий жағалауында салу жоспарлары туралы хабарлаған болатын. Содан кейін екі елдің инвесторлары жобаға қызығушылық танытты.

*Кеме жасау зауыты-кемелерді салу және жөндеу орны.

Стиль жизни

Новости

Теги