Добро пожаловать на Info Orda - Информационную Орду, где ты можешь быть в курсе самых главных событий в Украине и во всем мире! Мы предлагаем тебе уникальное описание сайта, которое захочется перечитывать снова и снова.

Get in Touch

Абай облыстық полиция департаментінің басқарма бастығы ұсталды

Абай облысының Көші-қон қызметі басқармасының басшысы мен Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері парамен ұсталды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Антикор мәліметінше, лауазымды тұлға өзінің қызметкері арқылы аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерін қалалық көші қон қызметі бөліміне ауыстыруға жәрдемдескені үшін 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алған.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Абай облысының Көші-қон қызметін Гүлвира Дөненбаева басқарады. Бұдан бұрын 5 жыл бойы Астана қаласы ІІБ Көші-қон полициясы басқармасының бастығы қызметін атқарған.

Стиль жизни

Новости

Теги