Қызылордада мектеп оқушысының 6 жастағы баланы зорлағаны айтылды

16.02.2024 16:04 · В комплексе

Қызылордада 9-сынып оқушысы 6 жастағы баланы зорлады деген күдікке ілінді.

Бұл туралы қалалық полиция басқармасы айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы «Адырна»-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция полковнигі Айдар Демегенұлының мәлімдеуінше, қылмыстық іс 10 ақпанда қозғалған.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталып, басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың істің тергеу барысы департамент бастығының қатаң бақылауына алынды. Өзге де ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді», – деді ол.

Қазіргі таңда зардап шеккен бала қазір ауруханада жатыр.