Добро пожаловать на Info Orda - Информационную Орду, где ты можешь быть в курсе самых главных событий в Украине и во всем мире! Мы предлагаем тебе уникальное описание сайта, которое захочется перечитывать снова и снова.

Get in Touch

Қазір дым білмейтін ақымақпын: Индира Расылхан жан сырымен бөлісті


Танымал әндердің орындаушысы, белгілі әнші Индира Расылхан жеке өміріндегі қауесетке нүкте қойды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әншінің жұбайы өнер саласынан алыс болатын.

“Біз деген ақылдымыз. Күйеуді кінәлауға дайын тұрамыз. Ол жалқау болып туған, мамасының баласы, мәселені шеше алмайды, бала-шағасын ойламайды” деп мін тағамыз. Ал өзіміз ақылдымыз, сұлумыз, жауаптымыз, отбасы мен бала-шағаны ғана ойлаймыз. Өзім жайлы айтатын болсам, ұзақ әңгіме болып кетейін деп тұр. Қысқасы, бір-біріміздің орындарымызды алмастырып алдық. Оған мәселені шешуге мүмкіндік бермедім. “Өзім-өзім” деп мойныма көп жауапкершілік алып қойыппын. Біздегі мәселе осы болды. Көп қателік әйелдің тәкәппарлығынан болады. Мен күйеуімнен жасап шығарамын деп тиеді. Адамды өзгерту мен оны жасап шығару мүмкін емес”, – деп ақыл айтады әнші.

Сондай-ақ күйеуінің балаларымен де қарым-қатынасын жасырмады.

“Балаларым толық емес отбасында өсіп жатыр деп санамаймын. Оларға стресс салмауға тырыстық. Мен қалай дұға жасадым, қарым-қатынасымыз да сондай болды. Ол кісі балаларын назардан тыс қалдырған емес. Оларға қамқор болды. Мәселе менде еді. Лидер болып кеттім. Қазір дым білмейтін ақымақпын. Әлеміміз бөлек болды. Ішкі әлем сай келмесе қиын. Оны мен кезінде келтіріп аламын деп ойлағанмын. Бірақ қателесіппін”, – деп жазды өнер иесі.

Стиль жизни

Новости

Теги