1000-ға жуық мектеп түлектері, студенттер мен ата-аналары "Таза Қазақстан" акциясына қатысты.
Білім басқармасы баспасөз қызметінің айтуынша, акция оқушыларға экологиялық мәдениетті, табиғатқа ұқыпты қарауды, еңбекқорлықты, қоршаған ортаны көгалдандыруға үйретуге баулиды.
Семей қаласының 11-сынып оқушылары 2 түп көпжылдық ағаш отырғызса, басқа білім беру ұйым оқушылары көшеттер отырғызып, гүлдер екті. Сондай-ақ бұл шараға еліміздің түлектерін қатысуға шақырады.
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясына 1000-ға жуық мектеп түлектері, студенттер мен ата-аналар да қатысты. Акция аясында 150-ге жуық көшет отырғызылды.
Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі