Добро пожаловать на Info Orda - Информационную Орду, где ты можешь быть в курсе самых главных событий в Украине и во всем мире! Мы предлагаем тебе уникальное описание сайта, которое захочется перечитывать снова и снова.

Get in Touch

"2 миллион аударсаң ғана қайда екенін айтамыз деді": Белгілі блогер қиындыққа тап болғанын айтты

Танымал блогер әрі спорт журналисі Назерке Сұлтанбек көлігін Алматыдан Астанаға жеткізіп беретін компанияға алданып, көлігінен айырылып қалған.

Алаяқтарға алданған Назерке Сұлтанбек құзырлы органдар аталған іс бойынша дұрыс әрекет етпей отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Істің мән-жайын ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Астанаға көшіп келгелі боран мен аяздан үйден көп шықпай жүрдік. Бар ойым: «Осыдан машинам келсін, барлық жоспарды жүзеге асырам!» Өкінішке қарай, машинам қылмыскерлердің қолына түсіп, полициядан үміт еттім. Бірақ құзырлы органның қолында барлық мәлімет бола тұра, осы уақытқа дейін әрекет етпей отыр. Көлік ұрлығында әр күн қылмыскерлердің пайдасына кететінін ескеріп, осы мәселемді көпшілік алдына жариялауға мәжбүрмін.
04.02.2024 күні della.kz сайтындағы хабарландыру бойынша бізге Алматы-Астана бағытында көлігімізді жеткіземін деп азамат хабарласты. Жеке куәлігін де жіберді. Көлікті Алматы қаласы, Наурызбай ауданындағы мекен-жайға әкелуімізді сұрады. Кешкі уақытта інім көлікті айтқан жерлеріне апарды. Басқа азамат көлікті видеоға түсіріп қабылдап алған. Көліктің мәлімметтерін толтырып, акт тапсырған. Ақшасын бірден картаға жіберуін талап етті. Жусан банктегі карта номерін жіберді. Менің картамнан аударым сәтті өтті. Түнде жолға шығамыз, Астанаға шамамен 7 ақпан келеміз деп жазды. Бірақ 8 ақпан Қарағандыда бұзылып тұрмыз, түнде жүреміз деп, содан кейін хабарламаларға мүлдем жауап бермей қойды. Тек 11 ақпан таңертең: «Сіздің көлігіңізді ұрладық, счетыма 2 миллион теңге аударсаң ғана, қайда екенін айтамыз» деді. «Полицияға хабарласпай-ақ қой, олар саған көмектеспейді» деп ескертті. WhatsApp-та барлық жазғандарының скриншотын жасап үлгердім. Аз уақытта ол жазғанын толық өшіріп отырды. Астанаға көшіп келдік, барлық затымыз да сол машинада еді. Киім, ыдыс, жазғы дөңгелектер, қысқасы күнделікті өмірімізге қажет дүниенің барлығы сол көлікте қалды. Бұл мәселені инстаграмға жариялауға екі себеп бар. Біріншіден, сіздер де осындай мошенниктер бар екенін біліңіздер, сақ болыңыздар! Екіншіден, осы постты барынша таратып, полицияның өз жұмысын жасауына әсер етсеңіздер деймін. Наурызбай ауданы полиция басқармасына бір емес, екі арыз жазылды. Біріншісі менің атымнан е-өтініш арқылы, екіншісі машинаны тапсырған інім куәгер және көлікке сенімхаты бар азамат ретінде полиция бөлімшесіне барып тапсырды", — дейді ол.

Құны 7,5 миллион тұратын көлігінен айырылған блогер құзырлы органдардан қайыр болмаған соң, алаяқтарға қатысты біраз ақпаратты өзі тапқан көрінеді.

Қылмыс жайында хабар келген күннен бастап жан-жақтан жақындарым көмектесті. Осылайша, біз өзін таныстырып, жеке куәлігін жіберген адам туралы да, көлігімізді қабылдап алған адам туралы да көптеген мәліметтер таптық. Бірақ өзін автовоз жүргізушісімін деп таныстырған адамның жеке куәлігі қарапайым автобус жүргізушісі боп шықты. Яғни, кезінде біреуге құжатын жіберген, сөйтіп оны қазір мошенниктер қолданып жүр. Бәрімізге сабақ болсын: ешкімге, ешқашан жеке куәлігіңіздің суретін жәйдан жәй жібере салмаңыз. Сосын осы ситуацияда заң бәріне бірдей емес екенін тағы көрсетуде. Мошенник бізбен WhatsApp арқылы сөйлесіп отырған нөмірді базадан тексерсек, тіркелмеген боп шығады. Ал, қарапайым адам тіркелмеген номермен жүріп көрсінші. Смс жіберіп қылқылдайды, тіпті ол нөмірді пайдалана да алмайды.

Одан бөлек сергек камералары. Алматыда мыңнан аса камера бар. Бірақ ұрланған машинаны ол арқылы көре алмайды. Ал, стоп линияны сәл асып кетіңізші, апйыппұлыңыз ап-анық суретіңізбен бірден жетеді. Кеше мәселемді жариялаған көп адам хабарласты. Бір, екі жыл бұрын дәл осындай жағдайға тап болғанын жеткізді. Жалпы бұл кеше пайда болған қылмыс түрі емес екен. Жүздеген адам шырылдап жүріп, талай медиаға да жарияланған", — деп жазды ол.

Стиль жизни

Новости

Теги