Добро пожаловать на Info Orda - Информационную Орду, где ты можешь быть в курсе самых главных событий в Украине и во всем мире! Мы предлагаем тебе уникальное описание сайта, которое захочется перечитывать снова и снова.

Get in Touch

Атырауда насыбайды заңсыз сатқан шетелдік азамат ұсталды

Атыраудағы сауда орталығында насыбайды заңсыз сатқан шетел азаматы ұсталды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші жиынында насыбай атуды денсаулыққа зиян әрі ұят әдеттің бірі ретінде деп атаған еді.

«Оның қалай жасалатыны – белгілі, ешқандай санитарлық талап сақталмайды. Құрамында түрлі дертті, соның ішінде онкологиялық ауруларды қоздыратын заттар бар. Насыбайды өндіруге және таратуға 2015 жылы тыйым салынған. Бірақ әлі күнге дейін көшеде, тіпті азық-түлік дүкендерінде ашық сатылып жатыр. Құқық қорғау мекемелері ешқандай шара қолданып жатқан жоқ», — деді Президент.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 18 наурыздан бері «Насыбай» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

«Іс-шараның мақсаты – темекі өнімдеріне жатпайтын насыбайды сатуға тиым салу. Насыбайды заңсыз саудалаудың жолын кесу. Атырау қаласындағы Авангард шағын ауданында орналасқан сауда орталықтарының бірінде Өзбекстан Республикасы азаматының насыбайды заңсыз сатқаны анықталды. Шетелдіктен арнайы пакетке салынған 340 насыбай алынды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір заңсыз саудамен айналысқан 29 жастағы шетелдікке қатысты тиісті іс құжаттары жинақталып жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау тұрғыны үйінде фитозертхана жабдықтап, қарасора өсіргенін хабарлаған едік.

Стиль жизни

Новости

Теги