Әнші Ерке Есмахан өзінен 12 жасқа кіші күйеуінің табысы туралы сөз қозғады. |
Өнер иесінің Instagram желісіндегі парақшасында оқырманы жұлдызды жұптың отбасылық бюджетіне қатысты сұрақ қойған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Негізі біздің отбасылық бюджет туралы білгісі келетіндер көп екен. Қысқаша айтайын, ақша табушы Райм, жұмсаушы мен. Миллионер болғың келсе әйелің ақшаны көп жұмсасын дегендей. Күйеуімді енді миллионер емес, миллиардер қылсам деп отырмын", — деп жауап берді ол.
Әнші екінші күйеуі мен үлкен ұлының қарым-қатынасы жақсы екенін де тілге тиек етті.
"Аллаға шүкір бір-біріне әке, бала, дос, сырлас, қамқор. Махаббаттары ерекше", — дейді ол.