Добро пожаловать на Info Orda - Информационную Орду, где ты можешь быть в курсе самых главных событий в Украине и во всем мире! Мы предлагаем тебе уникальное описание сайта, которое захочется перечитывать снова и снова.

Get in Touch

Алматы облысында бухгалтерлер мен мұғалімдер 600 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденген


Алматы облысының Білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің қызметкерлері 609 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденген күдіктілерді анықтады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алаяқтық әрекеттерге Алматы облысындағы есепшілер мен мектеп мұғалімдері қатысқан. Олар көз жұмған 13 адамның атына қаражат аудару арқылы 609 миллион теңге алған. Әрбір факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Бухгалтерлердің мұғалімдермен алдын ала сөз байласу арқылы жалақыны көбейту бойынша 4 факті бар. Мұндай заң бұзушылықтардың жалпы сомасы 81 миллион теңгені құрайды. Бүгінгі күні бір факті бойынша есепші мен 4 мұғалім 3 жылдан 6 жылға дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Келтірілген 62 миллион теңге залал толығымен өтелді", — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының басшысы Серік Орымбетов.

Сондай-ақ тағы бір қызметкерге қатысты үкім шығарылды. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылып, 81 миллион теңге көлеміндегі шығынды өтеген.

Қалған істер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Стиль жизни

Новости

Теги