Добро пожаловать на Info Orda - Информационную Орду, где ты можешь быть в курсе самых главных событий в Украине и во всем мире! Мы предлагаем тебе уникальное описание сайта, которое захочется перечитывать снова и снова.

Get in Touch

Атырауда сал ауруына шалдыққан қызды зорламақ болған ер адам сотталды

Атырауда церебралды сал ауруына шалдыққан 13 жастағы қызды зорламақ болған ер адамға қатысты сот үкімі шықты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Адырна» — ға сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 2022 жылдың 6 желтоқсанында болған. Бұған дейін жаспөспірімнің анасы қызын көлікте қалдырып, өзі дүкенге бірнеше минутқа кіріп кеткенін айтқан еді. Дүкеннен шыққанда көлігін таппай қалған. Патрульдік полиция басқармасының қызметкерлері ұрланған көлікті Атырау қаласындағы «Авангард» шағынауданынан тапқан. Көлікті 1988 жылғы ер адам ұрлап әкеткен.

Полицейлер көліктің жүк салғыш бөлігінен күдіктіні ұстады. Мамандар ер адамның үстінде киімі болмағанын мәлімдеді. Ал көлік салонында 13 жастағы жасөспірім болғаны анықталды.

2023 жылдың маусым айында Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ер адамға үкім шығарды. Ол зорлау әрекеті және автокөлікті айдап әкету бойынша кінәлі деп танылды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі бұл істің жабық сот отырысында қаралғанын атап өтті. Сондықтан істің мән-жайы жария етілмеді.

«Сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің және оның заңды өкілінің, куәгерлердің айғақтарымен, оқиға болған жерді тексеру хаттамасымен, сараптама қорытындыларымен толық дәлелденді.
Айыпталушы өзі кінәсін мойындады. Сот үкімімен ер адам 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді»,—делінген хабарламада.

Стиль жизни

Новости

Теги