Добро пожаловать на Info Orda - Информационную Орду, где ты можешь быть в курсе самых главных событий в Украине и во всем мире! Мы предлагаем тебе уникальное описание сайта, которое захочется перечитывать снова и снова.

Get in Touch

"Бала күнінде қалай тууды армандайды": Кішкентай кезінен бала сүюді армандаған Төреғалидың қарындастары сынға ұшырады

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындастары Фариза Төреәлі мен Дина Төреәлі әлеуметтік желіге екеуінің де жүкті кезінде түскен фотосуреттерді жариялады.

Фариза Төреәлінің айтуынша, сіңлісі екеуі бала күндерінде бір уақытта ана болуды армандаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Динаның бала күннен бері маған айтатын бір арманы бар еді. «Екеуміз бірдей бір уақытта бала сүйсек екен» дейтін. Алла қалап ниетіне нәсіп етті, соны еске түсіріп таң қалудамыз.
Анамыз сияқты батыр ана, дана әйел болуды нәсіп етсін. Ата-ананың қадірін расында өзің ата-ана болғанда түсінетінің рас екен.. олар үшін көп жақсылық жасайық, көп дұға етейік. Ананың балаға жасаған дұғасы қабыл демекші, анамның шын тілегі қабыл болды. Аллахым барша ұрпақ тілеп жүрген жандарға айтарым, үміттеріңізді үзбеңіздер — Алланың мейірімі шексіз. Ана болу бақытын, әрбір қызға тіледік", — деп жазды блогер.

Ал желі қолданушылары бірнеше жылдан бері бала сүйе алмай жүрген Фариза Төреәләнің ана атанғанына әлі де сенбейтіндерін жазуда.

"Іш жасап алуға болады ғой, резина аман болсын", "Фаризаның іші жалған екені көрініп тұр, Алла кешірсін", "Бала бала күнінде қалай тууды армандайды? Сендерді жастайынан байға бере береді оқытпастан, соған қарағанда күнделікті әңгіме тек байға тию, туу болған ба? Түсінбедім,өзі балалық шақта қалай тууды армандайды", "Фаризада іш жзоқ, жіптіктей болып жүрген еді, аяқ асты бұл қайданг шыға келді", — деп жазды олар.

Стиль жизни

Новости

Теги