
Шенеунік Алматы әкімдігіне қарасты орталықтың басшысы болды.
Бұл туралы оның әріптесі, қоғам белсендісі Бейбіт Әлібеков 4 қазан күні өзінің Telegram-арнасында жазды.
"Бұл — жобалық кеңсе. Олардың командасы Аюсай, Шарын, Көлсай өңірлерін қалай көркейткенін, сондай-ақ Sandyq, Tary сияқты жобаларды іске қосқанын ескерсек, дәл осындай команда Алматыға ауадай қажет. Енді қоғамдық көлік, кептеліс, инвестиция мен туризмге қатысты барлық идеяны тез арада іске асыра аламыз деп үміттенемін", — деп жазды Әлібеков.
Естеріңізге сала кетейік, 21 сәуір күні Руслан Берденовке қару қолданылған шабуыл жасалған болатын. "Тұрғын үй Шымкент " ЖШС-ның бұрынғы басшысы Ернар Жиембай оған бес рет оқ атқан. Шенеунік ауыр жараланып, шұғыл ота жасалған.
Кейін сот шешімімен Ернар Жиембай 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал тамыз айының соңында Руслан Берденов Шымкент әкімінің орынбасары қызметінен кеткен еді.
Сурет: mazhilis.parlam.kz