Добро пожаловать на Info Orda - Информационную Орду, где ты можешь быть в курсе самых главных событий в Украине и во всем мире! Мы предлагаем тебе уникальное описание сайта, которое захочется перечитывать снова и снова.

Get in Touch

Қазақстандықтарға жылу үшін шамамен 1,6 млрд теңге қайтарылады

Қазақстандықтарға жылу үшін шамамен 1,6 млрд теңге қайтарылады

Ведомство ақпаратынша, бұл жұмыс табиғи монополиялар субъектілерін сыртқы ауаның нақты температурасына байланысты жылу есептеулерін түзетуге міндеттейтін заңнамаға сәйкес жүргізілді.

"Қайта есептеу қорытындысы бойынша азаматтарға 1 554,7 млн теңгеден астам (ҚҚС есебімен) қайтарылатын болады. Қаражат дербес шоттарда жеке жолмен – 2024-2025 жылдардағы жаңа жылыту маусымында аванс (сальдо) түрінде не 2025 жылдың соңына дейін күнтізбелік жыл ішінде көрсетілетін болады",- деп мәлімдеді ведомство.

Қаражатты қайтару еліміздің барлық өңірлеріне әсер етеді. Атап айтқанда:

  • Астанада тұтынушыларға 224,5 млн теңге,
  • Алматыда – 74,2 млн теңге,
  • Қарағанды облысында – 457,0 млн теңге,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 257,2 млн теңге,
  • Маңғыстау облысында – 176,7 млн теңге,
  • Қостанай облысында – 106,9 млн теңге,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 74,8 млн теңге,
  • Ақмола облысында – 44,3 млн теңге,
  • Павлодар облысында – 34,8 млн теңге,
  • Қызылорда облысында – 23,9 млн теңге,
  • Ақтөбе облысында – 24,1 млн теңге,
  • Жамбыл облысында – 21,4 млн теңге,
  • Абай облысында – 19,9 млн теңге,
  • Атырау облысында – 11,0 млн теңге,
  • Батыс Қазақстан облысы – 3,4 млн теңге,
  • Алматы облысында – 0,5 млн теңге,
  • Түркістан облысында – 0,1 млн теңге,
  • Жетісуда – 0,03 млн теңге қайтарылады.

"Шымкент пен Ұлытау облысының тұтынушылары үшін есептеулерді түзету қарастырылмаған, өйткені реттелетін қызметтің құны сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып қалыптастырылған",- делінген ақпаратта.

Бұл ретте, Астанада жылыту маусымы бойы ай сайын қайта есептеу жүргізілгені қоса айтылды, бұл температураның өзгеруін дәлірек ескеруге және тұтынылған жылудың нақты көлемін көрсетуге мүмкіндік берді.

Қосымша ақпарат алу үшін азаматтар Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттеріне келесі телефондар арқылы жүгіне алады:

  • Астана – (7172) 79-58-97;
  • Алматы – (727) 279-31-39;
  • Шымкент – (7252) 32-15-07;
  • Абай облысы – (7222) 52-17-91;
  • Ақмола облысы – (7162) 50-43-63;
  • Алматы облысы – (7273) 05-91-29;
  • Атырау облысы – (7122) 21-10-38;
  • Ақтөбе облысы – (7132) 55-73-38;
  • Шығыс Қазақстан облысы – (7232) 61-04-88;
  • Жамбыл облысы – (7262) 45-94-68;
  • Батыс Қазақстан облысы-(7112) 24-01-76;
  • Қарағанды облысы – (7212) 90-03-40;
  • Қостанай облысы – (7142) 54-28-76;
  • Қызылорда облысы – (7242) 26-22-93;
  • Маңғыстау облысы – (7292) 42-16-20;
  • Павлодар облысы – (7182) 32-12-02;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – (7152) 53-42-55;
  • Түркістан облысы – (7253) 35-30-12;
  • Ұлытау – (7102) 76-07-24;
  • Жетісу – (7282) 24-28-05.

Сурет: pexels.com

Стиль жизни

Новости

Теги