Ақын, сазгер Арман Қайназаровтың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. |
Мәлімет желі қолданушылары арасында тарады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Адырна порталына сілтеме жасап.
Композитордың неден қайтыс болғаны туралы нақты дерек айтылмады. Фейсбук қолданушылары Арман Қайназаровтың “Шаңырақ” ықшам ауданында “Бақытжан” кафесінде соққыға жығылғаны туралы жазды.
Бұған дейін қоғамда Қайназаровтың үйсіз-күйсіз далада қаңғырып жүргені көпті алаңдатты. Ол Ұлықпан Жолдас, Қыдырәлі мен Қарақат, Абай Бегей сынды әртістердің әндерінің авторы.