Добро пожаловать на Info Orda - Информационную Орду, где ты можешь быть в курсе самых главных событий в Украине и во всем мире! Мы предлагаем тебе уникальное описание сайта, которое захочется перечитывать снова и снова.

Get in Touch

Екі жаққа кеттік деп растаймыз - Балжан Бидаш

Әнші Балжан Бидаш Жахан Отарғалиев екеуінің ажырасқандарын растады.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Достар, сіздер шындықты білуге лайықтысыздар, осы уақытқа дейін біз үшін алаңдап жатқандарыңызға рақмет. Сондықтан рас па, өтірік пе деген ақпаратты — біз екі жаққа кеттік деп растаймыз. Өмір болған соң біз күтпеген жағдайлар болады екен. Әркім өзінше бақытты болатынына сенімдімін. Бұлай болғанына қарамастан Жаханның әр бастамасын, шығармашылығын қолдаймын. Ешкімнің ала жібін аттамайтын, қазақ киносынан өз орнын тапқан еңбекқор, қайсар жан! Шығып жатқан "ЖОЛ" фильмі құтты болсын. Фильм енді топ. Халыққа ұнайтына сенімдімін. Маңызды кезде қасыңда бола алмасам да әрқашан қолдаймын, саған сенемін! Бастысы халық қолдасын!", — деп жазды ол.

Әнші әлеуметтік желісіндегі stories-те ажырасқандарына 2 ай болғандарын нақтылады.

"Егжей-тегжей айтпасам да өздеріңіз білесіздер, көз алдарыңызда таныстық, отбасы болдық, өсіп-өндік. Махаббат, талпыныс болды. Алайда, бір-ақ нәрсе айта аламыз — у нас не получилось. Өмірдің біз күтпеген тосындары болып тұрады. Ертең сізге де не тосын келетінін білмейсіз. Сондықтан ешкімді жамандамайықшы! Мейірімді болайықшы. Бірақ екеуміз екі жаққа кеткенімізге 2 ай болып қалды. Сездіргім келмеді. Но сіздер по любому сезіп дайректке жазып жатасыздар. Біреуі сұрақтың астына алып жатса, біреуі тілек тілеп, ақ жол тілеп жатты. Қолдап жатқан әрбіріңізге үлкен рақмет. Бәріміз бақыты болайықшы", - деп жазды Балжан Бидаш.

Желі қолданушылары Жаханның Балжанды қадірлей алмағанын, оған тең емес екенін жарыса жазуда

"Балжан қанша қиындықта үй сатып, пәтерлеп жүргенде жанында жүрді. Еркектерге бәрібір екеніне тағы дәлел", "Балжан күшті келін бола білді, Жахан тым өзімшіл", "Балжан, сен ол Жаханнан жақсыға лайықсың. Жап жас қыз алып не ұнамай қалды екен, — жазды олар.

Алайда, әнші мен актёрдің бұл әрекеттерін жаңа фильмнің алдындағы хайпқа балап жатқандар да жоқ емес.

"Егер ақша үшін, кино үшін елді алдап суайттық жасап жүрген болсаңдар онда қасиетті халықтың киесі атсын сендерді", "Кино біте салысымен қосылатынын тексттен білуге болады ғой...Кино алдында жасалып жатқан реклама екені көрініп тұр. Фильм енді топ дегені қалай кетті...", — деп жазды желі қолданушылары.

Стиль жизни

Новости

Теги