Добро пожаловать на Info Orda - Информационную Орду, где ты можешь быть в курсе самых главных событий в Украине и во всем мире! Мы предлагаем тебе уникальное описание сайта, которое захочется перечитывать снова и снова.

Get in Touch

"Сәт" тобының әншісі өзінен алты жас үлкен белгілі қоғам белсендісіне үйленді


Кезінде шымкенттік зағип балалардан құралған "Сәт" триосы әлі күнге дейін елдің есінде. Бүгінде бұл топтың әншілері жеке шығармашылыққа бет бұрған, олардың жеке өмірінде де жағымды жаңалық көп. Мәселен, таяуда "Сәт" үштігінің экс-мүшесі Азат Әбілдаев отбасын құрыпты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат порталына сілтеме жасап хабарлайды.

"Сәт" тобының әншісі осыдан үш ай бұрын белгілі қоғам белсендісі Айгүл Қыстаубаеваға үйленген. Жас жұбайлар отандық ток-шоулардың бірінде танысыпты.

"Өзіңіз білесіз, бізге қараған қыз – жақсы қыз деп білемін. Қаншалықты қиын екенін біле тұра өмірін маған арнаған қыз жақсы адам ғой. Маған сондай жанымнан табылатын, қуанышта да, қайғыда да қара су мен қара нан жесек те, менің сырымды, менің ішкі ойымды бөлісетін жақсы адам табылса екен" деп Алладан өзім сұрап жүретінмін. Шүкір, қазіргі жарым иманды, ақылды, салиқалы, қазақтың қарапайым қызы. Бүгінде бақыттымын", – дейді Азат Әбілдаев.


Бұл жұп махаббаттың жас талғамайтынын дәлелдеді. Әнші жігіттің әйелі өзінен алты жас үлкен екен. Десек те Азаттың келіншегі бақытты екенін айтады.

"Бір көргеннен ұнатып қалдым. Менің ойымда оның мүмкіндігі шектеулі деген ой болған жоқ. Мен еш нәрседен қорықпай, тәуекелге баратын адаммын. Қазір өкінбеймін. Азат – өте тәрбиелі әрі романтик жігіт. Он екі мүшесі сау жігіттер болады ғой. Олардан күтпеген затты Азат артығымен береді десем де болады. Біздің таңымыз жылы сөзден басталады, кешіміз жылы сөздермен бітеді", – дейді Айгүл Қыстаубаева.


Айта кетейік, Азат осы уақытқа дейін шаңырақ көтерген екен, бірақ алғашқы некесі сәтсіз аяқталыпты.

"Шынымды айтсам, ол кезде қателік өзімнен болды. Мойындау керек қой, "жұлдыз ауруына" шалдығып, артық кеткен жерлерім болды. Бір жағынан, ол кісінің де мінезі жұмсақ емес, тік мінез болатын. Ол мінезді, мен мінезді, сонымен екеуміздің ортамызда түсініспеушілік болатын. Мінезіміз жараспады. Өмір ғой. Жалпы, солай болу керек болды. Аллаға шүкір, қазіргі әйелім ақылды", – деді "Сәт" тобының экс-әншісі.


Азат Әбілдаевтың ендігі арманы – сәби сүйіп, әке атану. Ал келіншегі отағасының қалауын орындауға әзір екенін айтады.

"Алла беріп тұрса, нәсіп етіп тұрса, неге тумасқа? Туып беремін. Азат деген лайықты жігіт қой. Ондай ер азаматқа неге босанбасқа, неге бала туып бермеске? Нәрестені сүйгізу керек, сүйгіземіз", – деді Азаттың әйелі.


Сондай-ақ Азат Әбілдаев бұл жолы "Сәт" триосының не үшін тарағанын, топтағы әріптестерінің қазіргі жағдайы туралы, ата-анасы және қазақ эстрадасының әртістері жайлы біраз былықтың бетін ашты.
Эксклюзивті бейнематериалдың толық нұсқасын дәл қазір Stan Kz Youtube арнасынан көріңіз.

Стиль жизни

Новости

Теги